ГлавнаяИсполнителиНурланКешiкпей келем деп едiн
название:

Кешiкпей келем деп едiн


автор:

Нурлан


рейтинг: ★★★★★ / 5 / 961 просмотр
Аңсаған бақытым сияқтанып
Ай туып келеді қияқтанып
Жол жаққа қараймын 
Сен жоқсың арайлым
Кешікпей келем деп ең
Мен тұрмын елеңдеумен 2

Қайтемін кінәләп бұған сені
Сағатың алдаған шығар сені
Нұр ойнап көзіңде
Уәделі кезіңде
Кешікпей келем деп ең
Мен тұрмын елеңдеумен 2

Көшеде сырласып, шалқып басып
Құрбылар барады қолтықтасып
Тағатым таусылды
Аңсадым даусыңды
Кешікпей келем деп ең
Мен тұрмын елеңдеумен 2

Послушать/Cкачать эту песню
Mp3 320kbps на стороннем сайте
А как ты думаешь, о чем песня "Кешiкпей келем деп едiн" ?
2010-2020 © WebKind.Ru Тексты песен