ГлавнаяИсполнителиMeyrambek BesbayevSırğalım
название:

Sırğalım


автор:

Meyrambek Besbayev


рейтинг: ★★★★★ / 4.7 / 729 просмотров
Сырғалым

Сөзi: Ж.Сәттiбеков
 
Көрiнсеңшi көзiме сағынғандай,
Жайнап кеттiң сырғаңды тағынғандай.
Сырғалым-ау, сыңғырлап тез жетсеңшi,
Жадап-жүдеп жүрегiм тарынғанда.
 
Қайырмасы:
Сырғалым,
Сырғаңның
Сыңғыры сыңғырлап
Ұйқымнан оятты
Мың бiр түн сияқты.
 
Аспандағы ақ жұлдыз түн гүлi ғой,
Сол ақ жұлдыз көңiлдiң сыр гүлi ғой.
Оятатын әр дайым таң алдында
Самалға ерген сырғаңның сыңғыры ғой.
 
Қайырмасы.
 
Ай туғанда ымыртта қияқтанып,
Шахерезада ертегi сияқтанып.
Алтын сырғаң тербелтiп жiбердi ғой,
Жүрегiмнен сыйқырлы күй ақтарып.
 
Қайырмасы.

Жалықтырып көктемнiң самал желi,
Өзiңдi iздеп құлағым елеңдедi.
Сырғалым-ау, сырғаңның сыйқырлы үнi
Жүрегiмде жатталған өлең бе едi?
 
Қайырмасы:
Сырғалым,
Сырғаңның
Сыңғыры сыңғырлап
Ұйқымнан оятты
Шахризада сияқты.

Послушать/Cкачать эту песню
Mp3 320kbps на стороннем сайте
А как ты думаешь, о чем песня "Sırğalım" ?
2010-2020 © WebKind.Ru Тексты песен