ГлавнаяИсполнителиМұқағали МақатаевЕй, өмірім, зымырап барасың ба
название:

Ей, өмірім, зымырап барасың ба


автор:

Мұқағали Мақатаев


рейтинг: ★★★★★ / 5 / 1035 просмотров
Дүниенің ағын да, қарасын да, 
 Мыңқ етпейсің, қабылдап аласың да. 
 Қарасымен шамаң жоқ таласуға, 
 Ей, өмірім, зымырап барасың ба? 
 Жер мен көктің желпініп арасында, 
 Желігесің, түсесің қара суға. 
 Құйын қуған қаңбақтай аласұра, 
 Ей, өмірім, зымырап барасың ба? 
 Мен отырмын теңіздің жағасында, 
 Бересім де жоқ оған, аласым да. 
 Мені тастап, толқындар, ағасың ба? 
 Толқынданып, өмірім, барасың ба? 
 Шаң шығарып ізінен құйындаған, 
 Барасың ба, өмірім, қиындаған? 
 Сыйын  маған, 
 Ей, өмір, сыйын маған, 
 Сыйыңды алам мен сенің бұйырмаған

Послушать/Cкачать эту песню
Mp3 320kbps на стороннем сайте
А как ты думаешь, о чем песня "Ей, өмірім, зымырап барасың ба" ?
2010-2020 © WebKind.Ru Тексты песен