ГлавнаяИсполнителиЖанар+звездыЖан жылуы 2012г
название:

Жан жылуы 2012г


автор:

Жанар+звезды


рейтинг: ★★★★★ / 4.7 / 696 просмотров
ЖАН ЖЫЛУЫМ!

 өлеңін жазған Елена ӘБДІХАЛЫҚОВА
 әнін жазған Бағлан ОМАРОВ

 Ізгілік нұрын сепкен,
 Махаббат гүлін еккен,
 Күн көзі бар шуағын,
 Төккендей бүгін көктен!

 Бөленіп далам нұрға,
 Бусанып санам жырға,
 Жүректер соқсын бірге,
 Тебіреніп бабам қырда!

 Қайырмасы:

 Жан жылуым – Саған!
 Ән ғұмырым – Саған!
 Аман болсын ұл мен қызың!
 Аман болсын Далам!

 Тыныш болсын Жерім!
 Ырыс көрсін Елім!
 Жан жылуы төгіледі
 жүрегімнен менің! 
 Менің!

 Жалғыз қалдым демеші,
 Тәңір жанның егесі!
 Күтеді әне, қол бұлғап
 Болашақтың кемесі!

 Қолыңды бер, кел, досым!
 Жан жылуым ем болсын!
 Биіктерге бастайық,
 Бұл бақытты ел көшін!

Послушать/Cкачать эту песню
Mp3 320kbps на стороннем сайте
А как ты думаешь, о чем песня "Жан жылуы 2012г" ?
2010-2020 © WebKind.Ru Тексты песен