ГлавнаяИсполнителиTeema_a.k.a_REGAS_feat_KorchiДарынға арнау 9 выпуск (автор слов Каршыга Артыкбаева)
название:

Дарынға арнау 9 выпуск (автор слов Каршыга Артыкбаева)


автор:

Teema_a.k.a_REGAS_feat_Korchi


рейтинг: ★★★★★ / 5.2 / 1192 просмотра
Дарынымызбенен бірге
Өміріміз қызыққа толған күнде
Бір үйдің бір баласындай
Бауыр бастық бүгін бәріміз де!
Бітіреміз мектепті бірге
Ұмытылмас күндер жүрегімізде
Қоштасар сәт қиындығы
Қимастық сәт билейді күнде!

Кеше келдік Дарынға, білім іздеп алыстан,
Қарсы алды ол бізді құшақ жая қуана
Мейірім мен бақытқа бөлеп бізді дарыным
Сапар шектік Дарынмен білім атты айдынға

Үміт артқан біздерге ата – ана мен ұстаздың
Ақтау болды арманымыз білімді сап жарыста
Талай – талай биіктерді бағындырдық, талмадық
Сол үшін де қарыздармыз, қарыздармыз Дарынға!

Дарынымызбенен бірге
Өміріміз қызыққа толған күнде
Бір үйдің бір баласындай
Бауыр бастық бүгін бәріміз де!
Бітіреміз мектепті бірге
Ұмытылмас күндер жүрегімізде
Қоштасар сәт қиындығы
Қимастық сәт билейді күнде!

Көзді ашып – жұмғанша түлек болдық біздер де 
Арман қуып асықтық даңғылы зор өмірге
Тұлға болып қалыптасып орнымызды табармыз
Ұстаздарым, аналарым, бас иеміз сіздерге

Бір қазаннан ас іштік, бір дастархан басында
Жүректерге ұялады достық сезім қарқындап
Достығымыз біздердің қалсын мәңгі тарих боп
Қуаныш пен қайғыны да бір көтерген жұмыла

Дарынымызбенен бірге
Өміріміз қызыққа толған күнде
Бір үйдің бір баласындай
Бауыр бастық бүгін бәріміз де!
Бітіреміз мектепті бірге
Ұмытылмас күндер жүрегімізде
Қоштасар сәт қиындығы
Қимастық сәт билейді күнде!

Мақтан тұтыр Дарынның ұл – қызы көп қазірде
Тоғызыншы түлектер де қосылад сол тізімге
Әрқашанда Дарынның туын биік ұстауға
Ант етеміз дарындықтар сіздерге оны сақтауға

Мәңгі біздің жүректерде аяулы Дарын анамыз
Сағынып аңсап кейін де сені еске аламыз
Әркімдерге бұйырмаған Дарында оқу бақыты
Жазғанына бұл бақытты біз шүкірлік айтамыз!

Послушать/Cкачать эту песню
Mp3 320kbps на стороннем сайте
А как ты думаешь, о чем песня "Дарынға арнау 9 выпуск (автор слов Каршыга Артыкбаева)" ?
2010-2020 © WebKind.Ru Тексты песен