ГлавнаяИсполнителиДамир Жангутов & Ринат КонакбайНагыз жолдас
название:

Нагыз жолдас


автор:

Дамир Жангутов & Ринат Конакбай


рейтинг: ★★★★★ / 4.6 / 593 просмотра
Нағыз жандар жапырақтап көктейді.
Биіктейді, ешқашанда сөкпейді.
Аузын ашса көринетін жүрегі.
Аппақ көңіл досқа ешкім жетпейді.

Достың жыры жалғасады бітпейді.
Үлбіреген сезімді кім шектейді.
Тұла бойы тұнып тұрған адалдық.
Нар түйедей досқа ешкім жетпейді.

Нағыз жолдас абыройды төкпейді.
Нағыз жолдас арамдықты шектейді.
Әзіліңді түсінетін қинамай.
Нар түйедей досқа ешкім жетпейді.

Қуанғанда бірге тұрып қуанған.
Жылағанда бірге тұрып жылаған.
Досымды мен құрметтеймін қадірлеп.
Киелі ғой киелі ғой бұл адам

Послушать/Cкачать эту песню
Mp3 320kbps на стороннем сайте
А как ты думаешь, о чем песня "Нагыз жолдас" ?
2010-2020 © WebKind.Ru Тексты песен