ГлавнаяИсполнителиКешYou тобыТуған жер - тағдырым (2016)
название:

Туған жер - тағдырым (2016)


автор:

КешYou тобы


рейтинг: ★★★★★ / 5.2 / 1234 просмотра
Туған жерім - тұғырлы өлкем
Тәй-тәй қадам басқан жерім
Өзіңде өткен ғұмыр көркем
Ай-xай далам, асқар белім
Туған жерім, мөлдірейді
Жаңарымда аспан-көгің
Жан-жүрегім елжірейді
Естен кетпей жас-дәуренім 

қайырмасы:
Туған жер, туған ел - айбыным!
Гәккулі, аққулы айдыным!
Жақұтым, бақытым - байлығым
сен!
Туған жер, туған ел - тағдырым
Сен барда жалғанда бар құным
Таусылмас, сарқылмас ән-
жырым, сен! 

Туған жерім ,сен - ҰЛЫСЫҢ
Баба мұра бақ-несібім!
Саған деген сағынышым,
Жүрегімнің қақты есігін
Туған жерім сыйың бөлек
Алтын ұя, ақ бесігім
Сені мәңгі сүю керек
Сүймегенге жоқ, кешірім! 

қайырмасы:
Туған жер, туған ел - айбыным!
Гәккулі, аққулы айдыным!
Жақұтым, бақытым - байлығым
сен! 
Туған жер, туған ел - тағдырым
Сен барда жалғанда бар құным
Таусылмас, сарқылмас ән-
жырым, сен!

Послушать/Cкачать эту песню
Mp3 320kbps на стороннем сайте
А как ты думаешь, о чем песня "Туған жер - тағдырым (2016)" ?
2010-2020 © WebKind.Ru Тексты песен