ГлавнаяИсполнителиКайрат Нуртас & Торегали ТореалиҚазақ қызы намысым, сыңғырлаған сезімдей
название:

Қазақ қызы намысым, сыңғырлаған сезімдей


автор:

Кайрат Нуртас & Торегали Тореали


рейтинг: ★★★★★ / 5.3 / 1337 просмотров
Қазақ қызы намысым, сыңғырлаған сезімдей
Айша бибі Домалақ аналардың көзіндей
Баян сұлу Қыз Жібек Еңліктердің өзіндей
Намысыңды ерлерің қорғаса екен көз ілмей

Мәншүгім мен Әлиям жаудың бетін қайтарған
Ләззатым мен Сәбирам гүлім еді жайқалған
Фариза мен Марфуғам елдің сөзін айталған
Қазақ қызы ешкімнен кем түспейтін майталман

Күләшім мен Майрам бар осыдан бiл анам кiм
Бибігүл мен Роза апам шоқжұлдызы ғаламның
Мадина апам жезтаңдай, ақбаяны даламның
Қыздарым бар осындай кім қазаққа тағар мін?

Қызым туған батыр боп, ар сатуға хақың жоқ
Аналарды кешегі аңсатуға хақың жоқ
Қабырғасын халқымның қаусатуға хақың жоқ
Қазақ қызы жаныма сенен артық жақын жоқ

Послушать/Cкачать эту песню
Mp3 320kbps на стороннем сайте
А как ты думаешь, о чем песня "Қазақ қызы намысым, сыңғырлаған сезімдей" ?
2010-2020 © WebKind.Ru Тексты песен