ГлавнаяИсполнителиЖансая Жәдігер және Ерлан ОрынбасаровЖалған дүние
название:

Жалған дүние


автор:

Жансая Жәдігер және Ерлан Орынбасаров


рейтинг: ★★★★★ / 5.1 / 1102 просмотра
Жалған дүние (Жансая Жәдігер, Ерлан Орынбасаров)

Тәңірімнен тіледім - 
Жарқын ғұмыр, күндерді.
Жылап жатыр жүрегім,
Серік қалап түндерді.
Көзден тамшы құлатып, 
Өмір бізді қинайды.
Жалған сөзбен жұбатып,
сәттік сезім сыйлайды.

Көгершіндей күндерім,
ұшырады арманмен.
Бір қуаныш бірде мұң,
Өмір өтер алдаумен...

Қайырмасы

Жалған дүние, 
Жұбатасың біздерді бірде шаттық сыйлап,
Жалған дүние,
Мұңайтасың қайғымен әлсіз жанды қинап, 
Жалған дүние, 
Жылатасың бір сәтке көзге тамшы, жасты жинап... 

Асыл өмір балайды,
Байлық дәулет барында
Орамалға орайды 
Демің біткен шағыңда,

Өмір толы сынаққа
Махшарда да жаза көп
Барайық біз жұмаққа 
Пенделіктен ада боп.

Иман нұры бойымда,
Хақ Тағала таратқан, 
Өмір атты ойында - 
Жар бола көр, Жаратқан! 

Қайырмасы(2 рет)

Послушать/Cкачать эту песню
Mp3 320kbps на стороннем сайте
А как ты думаешь, о чем песня "Жалған дүние" ?
2010-2020 © WebKind.Ru Тексты песен