ГлавнаяИсполнителиТоктар Сериков-Алаканнан ушкан аккуым (терме)
название:

-Алаканнан ушкан аккуым (терме)


автор:

Токтар Сериков


рейтинг: ★★★★★ / 5 / 991 просмотр
Алақаннан ұшқан аққуым
Барасың ұзақ шалғайға
Қанатың қалқам талмайма
Жаныңа медет болғайды-ай

Желкiлдеп өскен құрағым
Еркiндеу өскен шырағым
Әкеңнiң барма арманы
Табылса тенiң сыңарың

Қарлығаш қанат қарағым
Қайырлы болсын қадамың
Өзiңсiң ендi еншiсi
Кең жайлау екi араның

Алақаннан ұшқан ақ құсым
Бiр үйге сенде бақпысың
Алыстап бара жатқаның
Арқама менiң батты шың

Ағайын туыс ұяда
Жақынын жатқа қия ма
Ақ ордаң алтын бесiгiң
Келiп тұр ұшқан ұяңа

Жақсыда жаттық болар ма
Жаманға көңiлiң толар ма
Жұбыңмен келiп тұрғайсың
Жалғыздан-жалғыз оралма

Қош аман қызым қош аман
Көңiлiмдi қайтем босаған
Алдыңнан ашсын бағыңды
Аттаған жаңа босағаң
Алдыңнан ашсын бағыңды
Аттаған жаңа босағаң

Послушать/Cкачать эту песню
Mp3 320kbps на стороннем сайте
А как ты думаешь, о чем песня "-Алаканнан ушкан аккуым (терме)" ?
2010-2020 © WebKind.Ru Тексты песен