ГлавнаяИсполнителиДана КентайҚыз қиялы (OST Бәсеке - 2) Басеке
название:

Қыз қиялы (OST Бәсеке - 2) Басеке


автор:

Дана Кентай


рейтинг: ★★★★★ / 5.4 / 1433 просмотра
Өмір жайлы салсам ән
Ақ пен қара кезекте
жолдарымның шолағы
Әрбір жанның аңсаған
Жүрегінде жасырған армандары болады талай
Шалқиды күй әнім
Қанатты қиялым
Бойыма қуат береді
Табылса жол сара
Бір сәткеде болсада
Арманыма қолымды жеткізгім келеді

[Қайырмасы:]
Гүлдей жайнап тұрғым келеді
Күндей жайнап күлгім келеді
Самал жел боп байтақ даламда
Еркін ойнап жүргім келеді
Әппақ қар боп жауғым келеді
Құс боп ән салғым келеді
Аспандағы айға еркелеп
Жұлдыз болып жанғым келеді
Армандарым шіркін болса мүмкін орындалар қиялымның бәрі бір күн

Жылдар өтер кезекпен
Ертеніме жол ашқан өмірімнің шаттығы
Сырлар ұшқан өзектен
Әуенімен жарасқан көңілімнің аққуы талмай
Бауырмал ел үшін
Өңердің кеңі үшін
Аялап мені тербейді
Тартуы тағдырдың
Ғажайып әрбір күн
Арманымның лаулаған жалыны сөнбейді

[Қайырмасы:]
Гүлдей жайнап тұрғым келеді
Күндей жайнап күлгім келеді
Самал жел боп байтақ даламда
Еркін ойнап жүргім келеді
Әппақ қар боп жауғым келеді
Құс боп ән салғым келеді
Аспандағы айға еркелеп
Жұлдыз болып жанғым келеді
Армандарым шіркін болса мүмкін орындалар қиялымның бәрі бір күн

Армандарым шіркін болса мүмкін орындалар қиялымның бәрі бір күн

Послушать/Cкачать эту песню
Mp3 320kbps на стороннем сайте
А как ты думаешь, о чем песня "Қыз қиялы (OST Бәсеке - 2) Басеке" ?
2010-2020 © WebKind.Ru Тексты песен