ГлавнаяИсполнителиShyngys ft. AkadilҚайтадан(ninety one)
название:

Қайтадан(ninety one)


автор:

Shyngys ft. Akadil


рейтинг: ★★★★★ / 5 / 1028 просмотров
[Шынгыс]
Сұраш(ы), саған деген сезімдерімнің өлшемін
Ешкім жауап бермейд(і), cебебі шексіздік есептелмейд(і)...

[Акадил]
Көзіңді жұм осы бір сәтте
Ештеңеге ойыңды бөлме (Ааа)

[Акадил]
Екі жүрек үнсіз қалсын лүпілімен
Айырылып қалатындаймын бір күні мен

Қайырмасы [2x]:
Саған қалай айталам(ын)
Айтпай қалай жай табам(ын)
Сол алғашқы жалынды
Жағайықшы қайтадан..

[Шынгыс]
(Қалдырма мені)
Сөнген сезімді қайтар, өзгер менімен қайта
Айтпа қиын деп
Сайтан алғыр махаббат арадағы бар жараларды ұлғайтад(ы)!
Арақашықтық сенде болған сезімдерді қашыртты
Бірақ кімде кінә мұнда жүре күмән туды
Жүрек ауырад(ы), сірә - ғашықпын!
Хмм.. Білесің бе?!

[Акадил]
Суынған жүректің ызғарын (Ыыы)
Өз жүрегіммен жылытамын (Еее)
Ал сен жанымда бол жай ғана, алаңдама
Менің әлемімде ешкім жоқ
Өзің ғана..

Қайырмасы [2x]:
Саған қалай айталам(ын)
Айтпай қалай жай табам(ын)
Сол алғашқы жалынды
Жағайықшы қайтадан..

[Шынгыс]
Жүрегім жабық тым, мен жалықтым (А..)
Сәулесін сыйлашы жарықтың
Іштей жанып тұрм(ын) (түш..) тоқтатшы мені
Өртеніп барады жаным, ауыр маған
Аламын демді сенен осы шақта жүре өткенге сенем(ін)
Бұрынғы қателік біткен мәселе тосқауыл істеме әйтпесе..

[Шынгыс & Акадил]
Саған қалай мен айталам(ын)
Осының бәрін айтпай қалай мен жай табам(ын)
Айтшы, сол алғашқы жалынды
Бірге жағайықшы қайтадан өтінем(ін)!

Қайырмасы:
Саған қалай айталам(ын)
Айтпай қалай жай табам(ын)
Сол алғашқы жалынды
Жағайықшы қайтадан..

Саған қалай [мен] айталам(ын)
[Осының бәрін] айтпай қалай мен жай табам(ын)
[Айтшы], сол алғашқы жалынды
[Бірге] жағайықшы қайтадан [өтінем(ін)]!

Акадил
Көзіңді жұм осы бір сәтте...

Послушать/Cкачать эту песню
Mp3 320kbps на стороннем сайте
А как ты думаешь, о чем песня "Қайтадан(ninety one)" ?
2010-2020 © WebKind.Ru Тексты песен