ГлавнаяИсполнителиКазак кыздары Кайрат Нуртас & Торегали ТореалиАйхоооу аридар-ей а-а-а-а, Айхоооу аридар-ей а-а-а-а
название:

Айхоооу аридар-ей а-а-а-а, Айхоооу аридар-ей а-а-а-а


автор:

Казак кыздары Кайрат Нуртас & Торегали Тореали


рейтинг: ★★★★★ / 5.6 / 1600 просмотров
Қазақ қызы намысы сынғырлаған сезімдей
Айша бибі Домалақ аналардың көзіңдей
Баян сұлу, Қыз Жібек, Еңліктердің өзіңдей
Намысыңды ерлерін қорғаса екен көз ілмей

Мәншүгім мен Әлиям жаудың бетін қайтарған
Лязатым мен Сәбирам гүлім еді жайқалған
Фаризам мен Мәрфуғам елдің сөзің айта алған
Қазақ қызы ешкімнен кем түспейтін майталман

Айхоооу аридар-ей а-а-а-а
Күләшім мен Майрам бар осыдан біл анам кім,
Бибігүл мен Роза апам шоқ жұлдызы ғаламның,
Мәдина апам жезтаңдай ақ баяны даламның
Қыздарым бар осындай бар қазаққа тағармын

Айхоооу аридар-ей а-а-а-а, Айхоооу аридар-ей а-а-а-а
Қызым туған батыр боп ар сатуға қақын жоқ
Аналарды кешегі аңсатуға қақын жоқ
Қабырғасын халқымның қаусатуға қақың жоқ
Қазақ қызы жаныма сенен артық жақын жоқ

Әдебиетте Айман Шолпан қыздай жыр еттім,
Күй ойнаса Дина апам қуын шерткен жүректің.
Бүгін Мақпал апамдай сахнаға гүл ектің,
Қазақ қызы сендерге ең тәттісі тілектің.

Айхоооу аридар-ей а-а-а-а, Айхоооу аридар-ей а-а-а-а
Бір қыз маған жар болып көңілімді байытсың
Дархан дала мен болсам Ертіс Еділ Жайықсың
Болсам егер ескегің көлде жүзген қайықсың
Қазақ қызы қазақтың жігітіне лайықсың

Послушать/Cкачать эту песню
Mp3 320kbps на стороннем сайте
А как ты думаешь, о чем песня "Айхоооу аридар-ей а-а-а-а, Айхоооу аридар-ей а-а-а-а" ?
2010-2020 © WebKind.Ru Тексты песен