название:
автор:
Түнгі қала [Tungi kala EP]
автор:
011
рейтинг: ★★★★★ / 5.5 / 1494 просмотра
- Текст
- Открытка с текстом
[club61570847|3. BaGi — Бір келеді күз, бір келеді көктем + мәтіні] Бақыт деген - үнсіздікті жақсы көреді екен, Іздеп кетті ме, алыстап бізден өзге мекен.. Бір басқан ізімен қайта айналып келер ме екен, Қала бердік пе адамдар ұқсап біздер бөтен. Кешіктік аялдамада ақырғы, Жете алмадық ілесіп, бақыт шақырды. Бір білерім жүрекке тырнағын батырды, Өлтіріп алдық та үмітті ақырғы. Тоңғаным-ай, тоңғаным суыққа, Жалған сөздеріңменен жылытпа. Жылытпайды жанымды басқалар, Көзіңнен мөлдіреп жерге жас тамар.. Қ-сы: x2 Аңсама мені, аңсама, Қосылмаған жарты жүректер жүр қаншама.. Бір келеді күз, бір келеді көктем, Ешқашан оралмайды есте болсын өткен. Көзіңнің қарашығы - Мен, оны ойып таста, Көзқараспен қара сосын, мына əлемге сосын басқа.. Мені жоқ деп есепте, мендей адам болмаған, Жəй ғана дауыс, өміріңе ұқсас əнді орындаған.. Тереңдеу демалып, тырысам сені ойламауға, Мұң деген - дария, терең оған бойламауға. Сабыр қажет, тыпыршыған жаныма, Сіңіп кеткен екенсің бойымда аққан қаныма. Қолдан келетін амал жоқ, қолдан келед(і) шыдау, Менікі күйініш болса, сенікі түнде жылау. Қалаға қыс та келді, терезені басты қырау, Сол қыстың мұздықтары жүректерде қатып тұр-ау. Өмірге бір келеді күз, бір келеді көктем, Көктемді ерте қайтарған өзіңе бар ғой өкпем.. Күресіп келем есімің менен айырылмас дерттен, Мен де оралмаспын, білгін, келмеске кеткем.. Қ-сы: Аңсама мені, аңсама.. Қосылмаған жарты жүректер жүр қаншама, Бір келеді күз, бір келеді көктем, Ешқашан оралмайды, есте болсын өткен..
А как ты думаешь, о чем песня "Түнгі қала [Tungi kala EP]" ?