ГлавнаяИсполнителиElzhas Kenesbaev [оқыған]АСЫЛЫМ ЖАЛҒЫЗЫМ
название:

АСЫЛЫМ ЖАЛҒЫЗЫМ


автор:

Elzhas Kenesbaev [оқыған]


рейтинг: ★★★★★ / 4.6 / 609 просмотров
Асылым жалғыз, құрметтім,
Жүрекке нәзік гүл ектің.
Мен үшін енді сұлуым,
Ханшайымысың жүректің.

Бақытты өмір таңдасаң,
Бірге болайық әрқашан.
Кешіріп қойғың кей-кезде,
Ханзадаң бола алмасам.

Білесің мінсіз пенде жоқ,
Қателеспеймін мен де көп.
Мен жезде болсам егерде,
Сен жүрші жақсы жеңге боп.

Арада сезім, сенім мол,
Өмірлік менің теңім бол.
Үлгі болатын бәріне,
Анама сыйлы келін бол.

Қиынды қиын демейік,
Сабырмен бәрін жеңейік.
Пайғамбар(с.ғ.с) салған ізбенен,
Жәннатқа бірге ерейік.

Осылай сен жайлы...
Өлеңнен шұмақтар теремін,
Осылай мен сені...
Болашақ жарыма теңедім,
Біз бірге боламыз көр де тұр.
Мен оған СЕНЕМІН!

Послушать/Cкачать эту песню
Mp3 320kbps на стороннем сайте
А как ты думаешь, о чем песня "АСЫЛЫМ ЖАЛҒЫЗЫМ" ?
2010-2020 © WebKind.Ru Тексты песен