ГлавнаяИсполнителиМархаба СәбиОсылай
название:

Осылай


автор:

Мархаба Сәби


рейтинг: ★★★★★ / 5.1 / 1064 просмотра
1. Анда барып соғылып,
Мында келіп жығылып,
Сабақ алмай жүрміз ғой әлі,
Білмегенді сұрамаймыз,
Айтса тағы тыңдамаймыз,
Осы біздер қандай адамбыз?
Мақтағанға желігіп,
Сынағаннан жерініп,
Жақсы, жаман айыра алмаймыз,
Уақытынан кешігеміз,
Той тойлаймыз есіреміз,
 Жағдай болсын болмасын мейлі.

Қайырма: Осылай күндер өтіп,
Түндер өтіп барады.
Осылай айлар өтіп, жылдар өтіп барады.

2.  Алданбасқа алданып,
Құр уәдеге малданып,
Осы біздер қандай аңқаумыз?
Бәрін тегін берсе дейміз,
Өз-өзімен келсе дейміз,
Осы біздер сірә жалқаумыз.
Ішінде оның менде бар,
Менде барда сенде бар,
Оны мойындаған жөн болар,
Енді,
Уақыт келді талпынайық,
Өзгерейік ұмтылайық,
Бәрі, бәрі өз қолымызда!

Послушать/Cкачать эту песню
Mp3 320kbps на стороннем сайте
А как ты думаешь, о чем песня "Осылай" ?
2010-2020 © WebKind.Ru Тексты песен