ГлавнаяИсполнителиРинат ЗайытовРинат Зайытовтың хит әндер шеруі айтыс 2015
название:

Ринат Зайытовтың хит әндер шеруі айтыс 2015


автор:

Ринат Зайытов


рейтинг: ★★★★★ / 5.2 / 1222 просмотра
Баспадым жардың шетін құлайма деп
Ішпедім арықтан су ылайма деп
Қорқамын келе жатқан сайлаулардан
Біреулер дауысымды сұрайма деп

Ғани бұлбұл жамбыл дүлдүл
Өтіп кетті ау сайлау құрғыр
Ахау арман дүние жалған
сайлау ләйллім сайлау ләйлім

Жақсылар жықсымын деп айталмайды 
Милиц экология деп айқайлайды 
Жүрген соң еңбектерін күнде көріп
Тұғыры елбасының шайқалмайды ей 

Атыңды байлармысың белдігіңмен
Өмірде оңалмассың мендігіңмен
Сыймаса Шаханов пен Тоқтар ағам
Не пайда парламенттің кеңдігінен

Біреу бұлбұл біреу дүлдүл
Өтіп кетті ау сайлау құрғыр
Ахау арман бітіп қалған
Әләу ләйллім хәләу ләйлім
-------------------------------------------------
Жайлауында жүрген жігіт бағып қой
20 жылдық жасап жатыр алып той
Тұңгыш рет көріп тұрсын сен мұны
Нағыз қазақ осы міне танып қой

Қазақ осы алтын мұнай қазатын
Қазақ осы биікке қол созатын
Қазақ осы қай бәйгеге салсан да
Оқ бойымен дара келіп озатын

Қазақ осы оқ бойымен дара келіп озатын
Қазақ осы өзі батыр өзі ақын
Қазақ осы қатпар қатпар тарихын 
Қағазға емес тасқа қашап жазатын

Қазақ осы бір Аллаға сенетін
Қонағына қолда барын төгетін
Қырғыз-қазақ қазақ жоқ деп сөйлеген
Астанадан төрден орын беретін

Қазақ осы Абай ділмар Шәкәрім
Еш жұтпаған ұлылықтың қатарын
Бар әлемге мәшһүр қылып атағын
Болашаққа жасап жатыр сапарын

Қазақ осы Кенесары Абылай
Ер Қабанбай Бөгенбай мен Ағыбай
Қазақ осы таудай болып алатын
Қанша шашып тастасан да тарыдай

Қазақ осы Дінмұхаммед Қонаев
Бір ақ құстың арқасында болайық
Қыран құстың көк аспанның астында
Қуаныштан омырауын соғайық

Қазақ осы 86 желтоқсан
Бостандықтың темір торын сен ашқан
Құлағымды саған кесіп береиін
Бұл қазақтан артық туған ел тапсан
-----------------------------------
17ге толған кезде Астанам
Мен жырламай енді кемнен жасқанам
Бар қазақтың азат халық екенін
Астана ғой бір дәлелдеп тастаған

Сөйле тілім алаңдама тартынба
Жаңа Астанам жайна мәңгі жарқылда

Шығысында өр Алтайын сұңғақ бір 
Тарбағатай биігіңді шыңдап тұр 
Өскемен мен Семейің де сен үшін
Абай менен Шәкәрім боп жырлап тұр

Керекумен асқақтасын айбының
Қызылжарың бар да көрме қай құның
Қарағанды Жезқазған мен  Балхашын
Саған беріп жатқан жоқ па байлығын

Еділ Жайық екі өзенің Каспийің
Ақтау Орал Атырауын жақсы үйің
Алынбайтын қамалдай боп сен үшін
Батысында батыр халық тасты туйін

Қаратаудай алас армас арың бар
Шымкенттей алаулаған жалын бар
Ақ батасын беріп тұрған өзіңе
Тараз бенен Түркістандай шалың бар

Көкшетау мен Теміртаудай қалаң бар
Талдықорған ертеңіне алаңдар
Алатаудын бауырын да ұмытпа
Ақ сақалы ақ самайлы Алматыдай ағаң бар

Сырдария құдай берген ырысың
Жағасында жайқалған ақ күрішің
Ақмоладан Астанаға айналған
Ақмешіттің ең кішкентай ұлысың

Тағдыр бізді әлі талай сынайды
Сынағанға тек мықтылар шыдайды
10 миллион барлық қазақ құдайдан
Астананың амандығын сұрайды
Олай болса аман болсын Астанам
Бостандықтың бойтұмары сынайлы

Послушать/Cкачать эту песню
Mp3 320kbps на стороннем сайте
А как ты думаешь, о чем песня "Ринат Зайытовтың хит әндер шеруі айтыс 2015" ?
2010-2020 © WebKind.Ru Тексты песен