ГлавнаяИсполнителиРайым Уайыс & Әлия ӘбікенМұңайдым өзің жоқта
название:

Мұңайдым өзің жоқта


автор:

Райым Уайыс & Әлия Әбікен


рейтинг: ★★★★★ / 5.1 / 1136 просмотров
1. Сен жаққа нені ойлап келем ұдай?
Саған деген сол сезімнің бөлегін-ай.
Көрмесем мен сені тұра алмаймын,
Жаным-ау, айта қойшы, неге бұлай?!

Неге, неге өртедің сезімді отқа?!
Неге, неге телмірем өзің жаққа?!
Арманым болғаныңда,
Сағыныш толғанында,
Қайрылар кезің жоқ па?!
Мұңайдым, мұңайдым өзің жоқта.

2. Жанымды жадыратқан нұрлы әнім-ай,
Арада бір асудың тұрғанын-ай.
Ризамын сені сүйгем жүрегіме
Ерекше, дара туған сырғалым-ай.

Неге, неге өртедің сезімді отқа?!
Неге, неге телмірем өзің жаққа?!
Арманым болғаныңда,
Сағыныш толғанында,
Қайрылар кезің жоқ па?!
Мұңайдым, мұңайдым өзің жоқта.

3. Ақылың дариядай терең екен,
Саған деген сезімім бөлек екен.
Айбатың әуелеген сұңқарым-ай,
Мәңгілік бақытыма бөлеп өтем.

Неге, неге өртедің сезімді отқа?!
Неге, неге телмірем өзің жаққа?!
Арманым болғаныңда,
Сағыныш толғанында,
Қайрылар кезің жоқ па?!
Мұңайдым, мұңайдым өзің жоқта.

Послушать/Cкачать эту песню
Mp3 320kbps на стороннем сайте
А как ты думаешь, о чем песня "Мұңайдым өзің жоқта" ?
2010-2020 © WebKind.Ru Тексты песен