ГлавнаяИсполнителиАйнұр ЖҰМАҚАДЫРМАМА (Әні: Айгүл Бажанова. Сөзі: Айжан Табарак)
название:

МАМА (Әні: Айгүл Бажанова. Сөзі: Айжан Табарак)


автор:

Айнұр ЖҰМАҚАДЫР


рейтинг: ★★★★★ / 5.3 / 1273 просмотра
МАМА

Көңілсіздеу бүгінгі іңірдің десі,
Төзімді бойға уақыттың сіңірді көші.
Мейірімге шөлдедім, сағындым,Мама,
«құлыным» деші?..

Жамандықтан бұл күнде жүрегім ада,
Сен де мені сағындың,
бiлемін, Мама?!
Түсіме енші, Тәңірден бүгінгі менің
тек осы тілеуім ғана!

Тыныштықты қай жақтан табады санам?
Жылылық аңсап Тағдырдың қабағын бағам.
Күтші,Мама,күп-күрең Күзді арқалап,
кешікпей барады балаң...

Жазғырма, Мама, қара деп көңілі босын.
Қайтейін мұңның өмірде өрімі басым.
Оңашада отырам өлеңмен сүртіп, 
Осылай көзімнің жасын.
Кешірші, Мама...

Послушать/Cкачать эту песню
Mp3 320kbps на стороннем сайте
А как ты думаешь, о чем песня "МАМА (Әні: Айгүл Бажанова. Сөзі: Айжан Табарак)" ?
2010-2020 © WebKind.Ru Тексты песен