ГлавнаяИсполнителиЕлена Абдхалыкова мен Жубаныш ЖексенулыЕсине мени алгайсын
название:

Есине мени алгайсын


автор:

Елена Абдхалыкова мен Жубаныш Жексенулы


рейтинг: ★★★★★ / 4.9 / 934 просмотра
Нұр жауып тұрған көктемде
Гүл тере барған бөктерге
Қоңыраулатқан аспанда
Найзағай шаншып өткенде
Есіңе мені алғайсың
Қоңыраулатқан аспанда
Найзағай шаншып өткенде
Есіңе мені алғайсың

Қаз бауыр бұлттар маңғанда
Орманға жалғыз барғанда
Арманда жаным арманда
Оңаша жалғыз қалғанда
Есіңе мені алғайсың
Арманда жаным арманда
Оңаша жалғыз қалғанда
Есіңе мені алғайсың

Қараша келген шақтарда
Құлазып тұрған бақтарда
Бозарып атқан ақ таңда
Бозарып қырау қатқанда
Есіңе мені алғайсың
Бозарып атқан ақ таңда
Бозарып қырау қатқанда
Есіңе мені алғайсың

Арманда жаным арманда
Оңаша жалғыз қалғанда
Есіңе мені алғайсың
Мен бар деп мынау жалғанда
«Жоқ» деген сөзге алданба
Есіңе мені алғайсың

Послушать/Cкачать эту песню
Mp3 320kbps на стороннем сайте
А как ты думаешь, о чем песня "Есине мени алгайсын" ?
2010-2020 © WebKind.Ru Тексты песен