ГлавнаяИсполнителиШәмші ҚалдаяқовКешікпей келем деп ең (Шәмші Қалдаяқов)
название:

Кешікпей келем деп ең (Шәмші Қалдаяқов)


автор:

Шәмші Қалдаяқов


рейтинг: ★★★★★ / 5.2 / 1234 просмотра
КЕШІКПЕЙ КЕЛЕМ ДЕП ЕҢ

Сөзі М. Шахановтікі

Аңсаған бақытым сияқтанып,
Ай туып келеді қияқтанып.
Жол жаққа қараймын,
Сен жоқсың, арайлым
Кешікпей келем деп ең,
Мен тұрмын елеңдеумен.

Қайтемін кінәлап бұған сені,
Сағатың алдаған шығар сені.
Нұр ойнап көзіңде,
Уәделі кезіңде
Кешікпей келем деп ең,
Мен тұрмын елеңдеумен.

Көшеде сырласып , шалқып басып,
Құрбылар барады қолтықтасып.
Тағатым таусылды,
Аңсадым даусыңды.
Кешікпей келем деп ең,
Мен тұрмын елеңдеумен.

Послушать/Cкачать эту песню
Mp3 320kbps на стороннем сайте
А как ты думаешь, о чем песня "Кешікпей келем деп ең (Шәмші Қалдаяқов)" ?
2010-2020 © WebKind.Ru Тексты песен