ГлавнаяИсполнителиАрман жырымАруларым
название:

Аруларым


автор:

Арман жырым


рейтинг: ★★★★★ / 5 / 1043 просмотра
Қыздарға әсемдiк жарасады,
Ай көркi биiктетер аласаны.
Болмаса сұлу қыз, ару әйел,
Табынып ер кiмдермен таласады.

Өрiмтал, көркем, сұлу мүсiн,
Көргенде қайран қап, күюiң шын.
Мың ақын жырласа тiл жетпейтiн,
Бұл қыздар жаралған тек,
Бұл қыздар жаралған тек сүю үшiн.

Қана алмас құмарың қарасаң да,
Сұлуға ынтық сұңғақ, аласаң да.
Жердегi аруға жетер емес,
Аспанның мың жұлдызын баласаң да.

Жүздiрер жүректi нұрлы үмiтке,
Басыңа қоятын мұңды үйiп те.
Қиял мен жұмбақтан жаратылған,
Қыз ару қалар мәңгi бұл биiкте.

Шалқытып шаңырағын тамашаның,
Бақытын от басының жар ашады.
Тiрлiктiң туы, мәнi ұрпақ деген,
Аруға ана болу жарасады.

Көктегi Ай, Күндей дара тұлға,
Қыз десе дүние, дала тынған.
Қазақтың намысы – ару қыздар,
Мәңгi өлмес арман жырдан жаратылған.

Послушать/Cкачать эту песню
Mp3 320kbps на стороннем сайте
А как ты думаешь, о чем песня "Аруларым" ?
2010-2020 © WebKind.Ru Тексты песен