ГлавнаяИсполнителиЖігіттер квартетіАсыл Анам
название:

Асыл Анам


автор:

Жігіттер квартеті


рейтинг: ★★★★★ / 4.7 / 703 просмотра
Қайда жүрсемде, сағынамын тыным таппаймын.
Анашым менің, ақ сүтіңді қалай ақтаймын?
Еркелетіп өсірген, қатем болса кешірген,
Қанат берген арманға , сен анашым.

Әрқашанда бейбіт заман болсын!
Ұл-қыздарың жайнап аман болсын!
Жүзден ассын ортамызда жасың ана.
Күнің болып күнде оятайын,
Аман жүрші менің анатайым
Құтты болсын мерей тойың, асыл анам!

Анашым менің, ынтымағым, берекем менің,
Сен аман жүрсең таусылмайды мерекем менің.
Дарқанымсың, дарасың менің асыл анашым
Баға жетпес қазынам, сен ғанасың.

Әрқашанда бейбіт заман болсын!
Ұл-қыздарың жайнап аман болсын!
Жүзден ассын ортамызда жасың ана.
Күнің болып күнде оятайын,
Аман жүрші менің анатайым
Құтты болсын мерей тойың, асыл анам!

Послушать/Cкачать эту песню
Mp3 320kbps на стороннем сайте
А как ты думаешь, о чем песня "Асыл Анам" ?
2010-2020 © WebKind.Ru Тексты песен