ГлавнаяИсполнителиMerba & Jamal WestТек жалғыз сенсiн
название:

Тек жалғыз сенсiн


автор:

Merba & Jamal West


рейтинг: ★★★★★ / 5.5 / 1474 просмотра
Тек жалғыз сенсің мені түсінетін
Тек жалғыз сенсің мен өзіңді сүйемін

Күні түні мазалады ойымнан жүзің шықпады
Өзің деп үміттенемін көтерген сайын тұтқаны 
Жүрекке тым ауыр тиді өзге жаныңда жүргенің 
Махаббат бірден өтпейді оны да дұрыс білгенің
Бәлкім ұмытып үлгердің бәлкім әлі есіңде ме
Сонда да дұрыс болар қатемді менің кешіргенің 
Іштей мұңайып келемін білдіртпей сенде шыдарсың 
Хабарласпай кеткенің ұмытсын деген шығарсың
Бір жүрек бәріне дайын есіме алам әрдайым 
Сезімім өзгермес деймін өзгерсе де мекен жайын 
Жасырып қайтем жалғасын әуенге көңіл толмайды
Өзгелерді мен қайтемін өзгелер сендей болмайды 
Мен сағынамын сол таңғы көктем самалын
Қоштаспай енді қайтемін қалмаса басқа амалым 
Құлаққа тым ауыр тиді жол жүрем деген сөздерің
Басқасын жолықтырасың деумен сен нені көздедің
Сыр қылып іште сақтадым екеуміз білген нәрсені
Дәл сені білмеймін бірақ мен әлі сүйемін сені 
Мінекей натижесі мен қиналдым ал сен саусын, 
Көктемнің ылғал жөтелі өзгерді кішкене даусым

Тек жалғыз сенсің мені түсінетін 
Тек жалғыз сенсің мен өзіңді сүйемін 

Білемін бәрін де сүйесің әлі де 
Жүрекке бұйрық жоқ ешбір әлемде
Түсінші халімді қабыл ал әнімді 
Әрбір жазған өлеңім тосты әнімді
Міне осы кезде махаббат оты лезде
Сенің жүзің мүмкін түнге болған елеспе
Ерегеспе әліде уақыт мол жетеді 
Барлық болған түсініспеушілік кетеді
Бірақ өткен кезде бақытты түсінбедік
Мағынасыз сөзге үйлену отқа ердік
Бәрін шаштық,шаптық,жастық
Бір-бірімізді көрмейтіндей ұрысқа баттық
Есіңе түсірші мен ондай емеспін 
Сенің қатты сөздеріңе ерегестім 
Осы күйге жеттім және сені аңсадым 
Мені есіңе ал мен сені ұмытпадым 

Қайырмасы
Тек жалғыз сенсің мені түсінетін 
Тек жалғыз сенсің мен өзіңді сүйемін
Тек жалғыз сенсің мені түсінетін 
Тек жалғыз сенсің мен өзіңді сүйемін

Послушать/Cкачать эту песню
Mp3 320kbps на стороннем сайте
А как ты думаешь, о чем песня "Тек жалғыз сенсiн" ?
2010-2020 © WebKind.Ru Тексты песен