ГлавнаяИсполнителиАқберен ТемірғалиМен сені көргенімде
название:

Мен сені көргенімде


автор:

Ақберен Темірғали


рейтинг: ★★★★★ / 5.2 / 1239 просмотров
Мен сені көргенімде...
         Көктерде қалғып ұшам көңілімде.
         От боп жанып, 
         Су сепкендей басыламын,
         Жұлдыздарға асыламын,
         Қасымнан өткеніңде.

         Мен сені көргенімде...
         Көрінбейді көзіме көрінген де.       
         Бір өзіңе 
         Қараудан жалықпаймын.
         Құс боп ұшып
         Қырандай қалықтаймын,
         Бұлттардың арасында, биіктерде.

         Мен сені көргенімде...
         Пәк сезім ұялайды жүрегімде.        
         Толқын тұрып,
         Күн күркіреп, жел соғады,
         Жанымнан кеткеніңде

         Мен сені көргенімде...
        Тұңғиық көздеріңе батып кетем,
        Шыда жүрек, 
         Шыдай түс одан әрі,
         Бір күні сол аруды алып келем.
         Мәңгілік бірге болып, 
         Бақытты етем...              
         
         Мен сені көргенімде...
         Өмірлік бақытымды тапқандаймын,
         Сағыныштың сағымына батқандаймын,
         Қызарып таң болып атқандаймын,
         Мен сені көргенімде, көргенімде...

Послушать/Cкачать эту песню
Mp3 320kbps на стороннем сайте
А как ты думаешь, о чем песня "Мен сені көргенімде" ?
2010-2020 © WebKind.Ru Тексты песен