ГлавнаяИсполнителиЖолдасбек Абдиханов"Бұл махаббатқа таң қалам"
название:

"Бұл махаббатқа таң қалам"


автор:

Жолдасбек Абдиханов


рейтинг: ★★★★★ / 4.6 / 643 просмотра
1.Сырласып талай бейнеңмен.
Тарқасадағы бар мұңым.
Ұқпаймын сені кейде мен.
Кеудемде соққан тағдырым.
Бақыттың ұзап бағынан.
Сорлатып кейде қоясың.
Жақсының қашып жанынан.
Құшақты жатқа жаясың.

Қ/сы...

Бұл махаббатқа таң қалам.
Жанымды өртеп лаулаған.
Ойда жоқ кезде от болып.
Жанатын кезде жанбаған. 
Бұл махаббатқа таң қалам...
Алдаған бірде арбаған.
Жұмбағы бітпес махаббат.
Таң қалам саған таң қалам.

2.Өзгерер өмір өзгерер.
Өзгермеседе әр таңым.
Қинамас мұнша өзгелер.
Өз жүрегімнен қорқамын.
Жанарды шыңнан құлатып.
Адасып жүрміз талай біз.
Аяулы жанды жылатып.
Басқаны неге қалаймыз.
 
Қ/сы...

Бұл махаббатқа таң қалам.
Жанымды өртеп лаулаған.
Ойда жоқ кезде от болып.
Жанатын кезде жанбаған. 
Бұл махаббатқа таң қалам...
Алдаған бірде арбаған.
Жұмбағы бітпес махаббат.
Таң қалам саған таң қалам.

Послушать/Cкачать эту песню
Mp3 320kbps на стороннем сайте
А как ты думаешь, о чем песня ""Бұл махаббатқа таң қалам"" ?
2010-2020 © WebKind.Ru Тексты песен