ГлавнаяИсполнителиМұқағали МақатаевОТЫЗДАН АСЫП БАРАМЫН
название:

ОТЫЗДАН АСЫП БАРАМЫН


автор:

Мұқағали Мақатаев


рейтинг: ★★★★★ / 4.6 / 602 просмотра
1.Сұқтанып тұрып жанарың,
   Сұрама неге қарадың?
   Солай да, солай, қарағым,
   Отыздан асып барамын.

    Шашымның санап әр ағын,
    Таңырқай берме, қарағым.
    Санаулы басқан әр адым,
    Отыздан асып барамын.

Қуанып кейде қаламын,
Қуарып кейде қаламын.
Қартайған ата-анамның
Соңынан еріп барамын.(екі рет)

2.Белгісі тұр ма ағаның,
   Бетіме неге қарадың?
   Бақытым тілеп баланың,
   Отыздан асып барамын.

   Әзілің қайда, қарағым,
   Әжімге несін қарадың ?
   Артымда қалып аларым,
   Отыздан асып барамын.

Қуанып кейде қаламын,
Қуарып кейде қаламын.
Қартайған ата-анамның
Соңынан еріп барамын.(екі рет)

3.Солай да, солай, қарағым,
   Көңілдің таппай қалауын.
   Жастықтың жықпай жалауын,
   Отыздан асып барамын.

   Әзілің қайда, қарағым,
   Әжімге несін қарадың ?
   Артымда қалып аларым,
   Отыздан асып барамын.
         
Қуанып кейде қаламын,
Қуарып кейде қаламын.
Қартайған ата-анамның
Соңынан еріп барамын.(екі рет)

Послушать/Cкачать эту песню
Mp3 320kbps на стороннем сайте
А как ты думаешь, о чем песня "ОТЫЗДАН АСЫП БАРАМЫН" ?
2010-2020 © WebKind.Ru Тексты песен