ГлавнаяИсполнителиНур-МукасанСезімді қайтем тулаған
название:

Сезімді қайтем тулаған

автор:

Нур-Мукасан

рейтинг: ★★★★★ / 5.2 / 1155 просмотров
Көзіңді қайтем, қарайтын маған нұрланып 
Сөзіңді қайтем, сиқырлы, сазды думаным 
Төзімді қойшы, таусылмас сені күтуден

Сезімді қайтем, сезімді қайтем, сезімді қайтем тулаған 

Күндерді қайтем, сынаптай сырғып, зулаған 
Түндерді қайтем, ұйқымды менің ұрлаған 
Өзімді қойшы, өзегін жалын өртеген

Сезімді қайтем, сезімді қайтем, сезімді қайтем тулаған 
Сезімді қайтем, сезімді қайтем, сезімді қайтем тулаған 

Күнімді қайтем, көрер де көздер бойдағы 
Сенімді қайтем, сенбесең егер шын маған.
Шынымды қойшы, шындығың жатпас жүректе 

Сезімді қайтем, сезімді қайтем, сезімді қайтем тулаған 
Сезімді қайтем, сезімді қайтем, сезімді қайтем тулаған 

Сырымды қайтем, сыңар боп саған тумаған 
Мұңымды қайтем, Мәжнүннің жолын қумаған 
Өмірді қойшы, өтер де кетер өкінтіп 

Сезімді қайтем, сезімді қайтем, сезімді қайтем тулаған
Сезімді қайтем, сезімді қайтем, сезімді қайтем тулаған

Послушать/Cкачать эту песню
Mp3 320kbps на стороннем сайте
А как ты думаешь, о чем песня "Сезімді қайтем тулаған" ?
2010-2020 © WebKind.Ru Тексты песен