ГлавнаяИсполнителиСаламат тобыМахаббатты армандаймын
название:

Махаббатты армандаймын


автор:

Саламат тобы


рейтинг: ★★★★★ / 4.7 / 743 просмотра
Сен менің жанарымның ішіндесің,

Жанардың білесің ғой кішірмесін.

Ішіне жанарыңның сақта мені,

Біреулер көлеңкесін түсірмесін.

 

Қайырмасы:

Мен нағыз махаббатты армандаймын,

Оны мен жоғалтып та алғандаймын.

Ақ қыздар арасынан аққуымды,

Ажырыта білмеген сормаңдаймын.

 

Сен менің мына тылсым кеудемдесің,

Білесің кеудеме ешкім тек келмесін.

Кеудеңе, зынданыңа салып сақта,

Біреулер көкпар қылып өңгермесін.

 

Қайырмасы:

Мен нағыз махаббатты армандаймын,

Оны мен жоғалтып та алғандаймын.

Ақ қыздар арасынан аққуымды,

Ажырыта білмеген сормаңдаймын.

 

Сен мына менің алып басымдасың,

Білесің, ешкім де оны басынбасын.

Сен мені өз басыңмен бірге қорға,

Біреулер зұлымдығын асырмасын.

Қайырмасы:

Мен нағыз махаббатты армандаймын,

Оны мен жоғалтып та алғандаймын.

Ақ қыздар арасынан аққуымды,

Ажырыта білмеген сормаңдаймын.

Послушать/Cкачать эту песню
Mp3 320kbps на стороннем сайте
А как ты думаешь, о чем песня "Махаббатты армандаймын" ?
2010-2020 © WebKind.Ru Тексты песен