ГлавнаяИсполнителиДанияр Рахметжанов10 жасымнан 1 күн
название:

10 жасымнан 1 күн


автор:

Данияр Рахметжанов


рейтинг: ★★★★★ / 4.9 / 865 просмотров
тәтті ұйқыны бұзып
шырылдаған сағат 
жылы төсекті іші 
қандай рахат

қазір радиодан
айтса ғой шіркін
бүгін күн боран
болмайды деп сабақ

кухнядан дауыс шықты
балам тұр шәйін әзір
5-минут қазір мама қазір

төсектен тұрмай жатып
шалбарымды кидім
тағы3-минут ұйықтауға 
өзімше тапқан тәсіл

ұйқылы ояу отырм
көзімді жұмдым
оқымадым сабақ
не айтсам екен апайға

жылы төсекті қимай
әрен дегенде тұрдым
тәк нәскидің екінші сынары қайда

пеш түбінен таптым
қасында отыр мысық
давай давай сабаққа бар 
дегендей көзін қысып

беті қолды жуып 
шәй ішіп отырм үнсіз
радиода боран жайлы
айтпады бір сөз

есікке қарай беттедім
болмай тұр көңіл күйім
кеппей қалған куртка 
екінші аяқ киім

бұрышта жатыр 
мыжырайып кеткен портфель
неге мыжырайып
түсіндірермін кейін

сыртқа шықсам боран жоқ
тым-тырыс тас қараңғы
бүгін қар қалын 
санап келем әр қадамды

мектепке де жеттік
бірінші сабақ матем
ішімнен тілеп келем
бүгін апай болмаса екен

тілегім орындалмады
әттен өкінішті
қазір барлығынды қинаймын 
дегендей әне отыр іште

қоңырау соғылды
жабылды есік лезде
тәк балалар 
2 бет шығара қойындар тездет

жүрек дүрс-дүрс

Послушать/Cкачать эту песню
Mp3 320kbps на стороннем сайте
А как ты думаешь, о чем песня "10 жасымнан 1 күн" ?
2010-2020 © WebKind.Ru Тексты песен