ГлавнаяИсполнителиЕркін & Мұрат & АқылбекЕлбасы - елдің тұтқасы
название:

Елбасы - елдің тұтқасы


автор:

Еркін & Мұрат & Ақылбек


рейтинг: ★★★★★ / 5.1 / 1120 просмотров
Халқына болған қадірлі
Алашқа сыйлап азат күн
Ерім бар ерен ел тұтқан
Бағына туған қазақтың
Үмітін елдің ақтаған
Іргесін жердің сақтаған
Өзіңдей қайсар ұлы бар
Қазағыммен-ай мақтанам

Өзіңмен сәуле ұйып күн
Сөзіңмен елді ұйыттың
Қырандай қанат қақтыңда
Шыңына жеттің биіктің
Бұлтын сырып мұнардың 
Қазақты төрге шығардың
Алдына шықтың жарқырап
Әлемдік көшбасшылардың

Қ/СЫ
Есілдің екі жағасы-ей
Көзімнің ақ пен қарасы
Өзіңе мәңгі қарыздар
Қазақтың әрбір баласы
Тарихтың көшін ұстаған
Дарабоздардың дарасы
Елімнің асқар ағасы!
Тарихтың көшін ұстаған
Қазаққа қамқор қайраткер
Елімнің асқар ағасы!

Алысқа кетті-ау беделің
Тұлғасы таудай кемелім
Арқаға айдай қала сап
Төбемді көкке теңедің
Еліңнің ертең күні үшін
Таппадың тіпті бір тыным
Арманнан туған Астанаң
Байтағы түркі жұртының

Қ/СЫ

Послушать/Cкачать эту песню
Mp3 320kbps на стороннем сайте
А как ты думаешь, о чем песня "Елбасы - елдің тұтқасы" ?
2010-2020 © WebKind.Ru Тексты песен