ГлавнаяИсполнителиЗаман тобы"Қарттар үйіндегі ой"
название:

"Қарттар үйіндегі ой"


автор:

Заман тобы


рейтинг: ★★★★★ / 5.2 / 1181 просмотр
Бұл неткен шерлі жер еді?!
Ел мұнда неге келеді?!
Жеткізген әке-шешесін,
Қалайша қиып береді?!

Қайырмасы:
Ұлы мен қызын өсірген,
Күндерден күнге көшірген.
Қарттардың қайран көз жасы,
Кететін емес есімнен.

Бір сәуле шашып таң атқан,
Үміті күндер санатқан
Жалғызын күтіп қарт отыр,
Жанарын алмай сағаттан.

 Қайырмасы:
Ұлы мен қызын өсірген,
Күндерден күнге көшірген.
Қарттардың қайран көз жасы,
Кететін емес есімнен.

 Әкең мен сенің жан анаң,
Бақытын күтер баладан.
Көздері барда аяла,
Шығарма мұны санадан.

 Қайырмасы:
Ұлы мен қызын өсірген,
Күндерден күнге көшірген.
Қарттардың қайран көз жасы,
Кететін емес есімнен.
сөзі Рахат ӘБДІРАХМАНОВ әні Асқар ЖАЙЛАУБАЕВ

Послушать/Cкачать эту песню
Mp3 320kbps на стороннем сайте
А как ты думаешь, о чем песня ""Қарттар үйіндегі ой"" ?
2010-2020 © WebKind.Ru Тексты песен