ГлавнаяИсполнителиНеизвестенЖибек пенен баяндай шокты унин кайда
TOP песен исполнителя
"Неизвестен"
    название:

    Жибек пенен баяндай шокты унин кайда


    автор:

    Неизвестен


    жанры: vkontakte
    рейтинг: ★★★★★ / 5.1 / 1143 просмотра
    Жібекпеннен Баяндардай шоқтығың қайда?
    Зеременен Айғанымдай текті үнің қайда?
    Елім-ау деп еміренген екпінің қайда?
    Жүрегіңе қадап жүрген ақ гүлің қайда?
    Көзіңнің нұр шашқан жылу мөлдірі қайда?
    Бар әлемді тербеп айтар тәтті үнің қайда?
    
    Қазақтың баласы қазақтың данасы
    Қазақтың атасы қазақтың анасы
    Қазақтың үлкені, кішісі, көнесі, жаңасы
    Айтшы кәне бар ма өзі қазақ қызына жанашыр
    Сендерге назым бар ал бері қарашы
    Көңілдің наласы таусылған шарасы
    Жаныңның жарасы аласы таласы табасы
    Басылмас сабасы жүрекпен ақұрып қозғайтын тақырып
    Бейне бір көзіңнің қарасы, қазақ қызының бүгінгі бағасы
    Әрине қазақ қыздарының барлығы бір емес
    Бірақтан кейбірі қуып жүр әлі құр елес
    Қазақтың қыздары деп айқайлап жар қылып
    Қазақтың қыздарының қастерлі атын жамылып
    Өздері айтатын сөзге түсінбейді аңырып
    Мақтанға салынып, жаңғақ боп шағылып
    Бірақтан бәрібір баянды тірлікке бағынып
    Жүрген жандарды мысал ғып сөйлейін ағылып
    Жаныңды тазартқын ессіз еліктеуден арылып
    Бас кессе де тіл кеспек жоқ, сөйлемейм сізге жағынып
    
    Қайда алып кетеді соқыр еліктеу жетегі
    Кіндікті, мұрынды қиналап теспесең не етеді?
    Шаштарыңды қидалап кеспесең не етеді?
    Арды қорғар абройды шешпесең не етеді?
    Үстіңе кигенің онсызда шолақ екі елі
    Тағыда қысқарса қай жерге жетеді
    Күнсайын сирағың ұзарып, көйлегің қысқарып
    Он екі мүшеңнің он бірі лұпадан тыс қалып
    Арың арзансып, иманың кетті құнсызданып
    Арты ұлттық қасіретке апармасын үнсіз қалып
    Қазақты барынан, қазақ қыздарының арынан
    Бөлгісі келетін дұшпандар салады сан лаң
    Асауды түртпектеп шабынан, сұлудың сипалап санынан
    Тепкілеп шіркін тайдырар тағынан
    Сен болсаң қарындасым сүмеңдеп барасың солардың соңынан
    Бірақтан ұмытпа соқаның соры артық екенін бақаның бағынан
    
    Бөтенге жанарын сүзбеген кешегi қыздар-ай
    Еркектiң назарын iздеген бүгiннiң ызғары-ай
    Түтiнiн түтетiп ыс қылған кешегi жастар-ай
    Тiлiне түтiндi темекi қыстырған бүгiнгi масқара-ай
    Кiрпiгiн төмен сап жанарын жасырған кешегi мықтылық
    Көрінген кiсiгi өзi кеп асылған бүгiнгi жүктiлiк
    Бұрымын төгiлткен тiрсекке көпiр ғып кешегi инабат
    ........тастайды тоқыр қып оған кiм виноват
    Қыздарды бүгiнде қырық үй тыймайды
    Сондықтан оларда айылын жимайды
    Ей қазақтың баласы, көзiңнiң қарасы
    Әпкең мен қарындас қызына көңiл бөл
    Әйтпесе намысың қирайды

    Послушать/Cкачать эту песню
    Mp3 320kbps на стороннем сайте
    Это интересно: Неизвестный исполнитель (англ. Unknown Executor, алб. Аффтар Пешы-Исчо, укр. Михайло Поплавський) — единственный во Вселенной всемирно неизвестный композитор (по другим сведениям, певец или вокально-инструментальный ансамбль), чьи музыкальные композиции разошлись по всему миру в миллиардах копий. Впервые имя Неизвестного Исполнителя прогремело на весь мир после выпуска дебютного... подробнее
    А как ты думаешь, о чем песня "Жибек пенен баяндай шокты унин кайда" ?
    2010-2020 © WebKind.Ru Тексты песен