ГлавнаяИсполнителиӘділбек КенжеАдай болсаң - авторы - Самал Адай
название:

Адай болсаң - авторы - Самал Адай


автор:

Әділбек Кенже


рейтинг: ★★★★★ / 5 / 1028 просмотров
Адай болсаң-алысқанды алып ұр,
Құлап қалсаң-аяғыңнан қайта тұр,
Бабаң батыр,осал емес берілме,
Я Алла деп ,ұраныңды айта тұр,

Адай болсаң-бәйге берме бөтенге,
Дұшпаныңа жеңіс берме бекерге,
Жағадан ал,қасық қаның қалғанша,
Тосқауыл бол,жолды бөге өтерге.

Адай болсаң-сырың іште бекем бол,
Армандаған мақсатыңа жетер бол,
Жер аманат,ел аманат бабадан,
Ұрпағыңа мұра тастап кетер бол.

Адай болсаң-ел-жұртыңа жақын бол,
Туын ұстар,ержүрек бол,батыр бол,
Қасқыр мінез есе берме ешкімге,
Басқалардың он ұлына татыр бол.

Адай болсаң-жаман істен қашық бол,
Құнан қойдың сақасындай асық бол,
Атақоныс,қорғап қалған жерді сүй,
Маңғыстаудың тау-тасына ғашық бол!!!

Послушать/Cкачать эту песню
Mp3 320kbps на стороннем сайте
А как ты думаешь, о чем песня "Адай болсаң - авторы - Самал Адай" ?
2010-2020 © WebKind.Ru Тексты песен