ГлавнаяИсполнителиТөреғали ТөреәліҚызғанамын
название:

Қызғанамын


автор:

Төреғали Төреәлі


рейтинг: ★★★★★ / 4.9 / 948 просмотров
Сені құлай сүйгеніме ешкім сенбейді, Талай жанмен таластырдың-ай. Сен бар жерден алысқа кеткім келмейді, Ақылымнан адастырдың-ай. Менің жаным, білмеймін әдемі ме екен, Қызғаныш па, қызбалық па екен? Сені қатты сүйгенімнің дәлелі ме екен, Досымнан да қызғанып кетем. Қызғанамын, қызғанамын, Өзге түгіл өзімнен, жаным. Қызғанамын, қызғанамын, Өзім түгіл, көзімнен жаным. Қызғанамын, қызғанамын, Сендегі әсем сезімді – тәтті, Қызғанамын, қызғанамын, Өзге түгіл өзімнен қатты. Менен кетпе алысқа қашып, маралым, Сұлу дала - сенімен ғана. Шырқаса егер табиғат ғашықтар әнін, Биле, жаным, менімен ғана. Елемеуші ем ешкімді, ескермеуші едім, Баурап алдың қылығыңменен. Өзге жанға оп-оңай дес бермеуші едім, Байлап алдым бұрымыңменен. Қызғанамын, қызғанамын, Өзге түгіл өзімнен, жаным. Қызғанамын, қызғанамын, Өзім түгіл, көзімнен жаным. Қызғанамын, қызғанамын, Сендегі әсем сезімді – тәтті, Қызғанамын, қызғанамын, Өзге түгіл өзімнен қатты. [bad word]  [bad word]

Послушать/Cкачать эту песню
Mp3 320kbps на стороннем сайте
А как ты думаешь, о чем песня "Қызғанамын" ?
2010-2020 © WebKind.Ru Тексты песен