ГлавнаяИсполнителиАлтын СамұрықӘттең тонның келтесі-ай
название:

Әттең тонның келтесі-ай


автор:

Алтын Самұрық


рейтинг: ★★★★★ / 4.9 / 941 просмотр
1.Салқын, салқын  таң  ата, қосылайық  еркем – ай.
Балалықпен қоштасып, қосылайық  еркем – ай.
Қ / сы: }2 рет.
Келін  келсе, жеңгесі  өзің
Бейнетіңе  көнген  өзің,
Қосылайық  еркем – ай 2.

2.Ақ  отаудың  түндігін, ерте  ашарсың  еркем – ай.
Балалықпен  сол  түні, қоштасарсың  еркем – ай.
Қ / сы: } 2 рет.
От  жағарсың, шай  қайнатып
Әлдейлерсің  бала  ойнатып,
Қосылайық  еркем – ай 2.

3.Сүйте, сүйте  алма  бетті, әжім  басар  еркем – ай.
Ине – жіпке  көз  жетпей, назың  қашар  еркем – ай.
Қ / сы: } 2 рет.
Сен  емес  пе  ең, маған  теңдес,
Әкең  көнсе, шешең  көнбес.
Әттең  тонның  келтесі – ай 2.
Қ / сы: } 2 рет.
От  жағарсың, шай  қайнатып
Әлдейлерсің  бала  ойнатып,
Қосылайық  еркем – ай 2.

 Әттең  тонның  келтесі – ай 2.

Послушать/Cкачать эту песню
Mp3 320kbps на стороннем сайте
А как ты думаешь, о чем песня "Әттең тонның келтесі-ай" ?
2010-2020 © WebKind.Ru Тексты песен