ГлавнаяИсполнителиАйгул Иманбаева & Жанар АйжановаҚазақ қызы!
название:

Қазақ қызы!


автор:

Айгул Иманбаева & Жанар Айжанова


рейтинг: ★★★★★ / 5.1 / 1062 просмотра
Мен қазақ қыздарына қайран қалам,
Жанары жаны жаздай жайраңдаған.
Қыз өссе-елдің көркі-деген сөзді,
Қапысыз қалай айтқан қайран бабам.

Намысын бермеу үшін жатқа қолдан,
Арулар аз болды ма атқа қонған.
Өмірде қалған із бар өткен күннен,
Көңілде қалған сыз бар Ақтабаннан.

Жасырмай айтар болсам жан сырымды,
Тағдырың қарауылға қанша ілінді.
Ерліктің қос қанаты деп білем мен,
Аяулы Әлия мен Мәншүгімді.

Сүймеген сені азамат, азамат па?
Көңілің тәрізді аппақ таза мақта.
Бәрін айт, бірін айтта лайықсың,
Қазақтың қызы деген ғажап атқа.

Послушать/Cкачать эту песню
Mp3 320kbps на стороннем сайте
А как ты думаешь, о чем песня "Қазақ қызы!" ?
2010-2020 © WebKind.Ru Тексты песен