ГлавнаяИсполнителиД.ТанатаровАппақ қыз
название:

Аппақ қыз


автор:

Д.Танатаров


рейтинг: ★★★★★ / 5.1 / 1094 просмотра
Далаға шықсам қатқақ мұз
Су төгіп бейне қойғандай
Сондай ма көңлің аппақ қыз
Жүре алмадың ба ойланбай
Табиғатпенен егіз бе
Көңілдің ауа райы да
Қанғыбас бұлтан мені ізде
Шаруаңды қой да жайына

Қайырмасы  
Көзімнің алды буалдыр
Түседі қашан кун шуақ
Тыңдауын таппай бір ән жүр
Жүректі жиі шымшылап
Қабылдап әнді қуандыр
Көңілім қалсын тыншып-ақ

Аппақ қыз аппақ балмұздақ
Көңілің сондай суық па
Амал не сенсің жалғыз бақ
Бағбаның болам ұмытпа
Тоқтап тұр уақыт көрдің бе
Бәрі де саған тұр қарап
Тұрақтай алмай көңліңде
Кетер ме екенмін сырғанап

Тайғанап көрдім япырмай
Құпия неткен қыз біткен
Шақырып тұрып шақырмай
Үзілген үміт үздіккен
Келер-ау көктем тағы да
Сыйлайтын бойға бұлағын
Жүгінсек өмір заңына
Күтудің соңы қуаныш

Послушать/Cкачать эту песню
Mp3 320kbps на стороннем сайте
А как ты думаешь, о чем песня "Аппақ қыз" ?
2010-2020 © WebKind.Ru Тексты песен