ГлавнаяИсполнителиЖана жыл 2016Тилен Жаксылык
название:

Тилен Жаксылык


автор:

Жана жыл 2016


рейтинг: ★★★★★ / 4.9 / 911 просмотров
Жаңғырып әнмен түнгі аспан
Шырқалған әуен жалғасқан
Маздаған сансыз шамдармен
Жанарлар жиі арбасқан
Ұялап жатты көңілге
Салауат айтып тәңірге
Жақсылық күтеді адамзат
Дастархан жайып әр үйде

Қ-сы
Жаңа жыл жаңа жыл
Қадамың оң болсын
Жаңа жыл жаңа жыл
Пейіліңе ел тойсын
Кел де кел жұрт толсын
Шұғылаң ем болсын
Бастауы ырысқан
Қамбаға дәм толсын
Жаңа жыл

Бағыңмен қуант бар елді
Бақытты ет барлық әйелді
Сәбилер өссін есен сау
Көркіңмен тербе әлемді
Барсаңда қай бір елдікке
Қонақ боп бірге түндікке
Қуаныш сыйла жаңа жыл
Шақырып елді бірлікке

Қ-сы
Жаңа жыл жаңа жыл
Қадамың оң болсын
Жаңа жыл жаңа жыл
Пейіліңе ел тойсын
Кел де кел жұрт толсын
Шұғылаң ем болсын
Бастауы ырысқан
Қамбаға дәм толсын
Жаңа жыл

Послушать/Cкачать эту песню
Mp3 320kbps на стороннем сайте
А как ты думаешь, о чем песня "Тилен Жаксылык" ?
2010-2020 © WebKind.Ru Тексты песен