ГлавнаяИсполнителиКаракатКулыншагым
название:

Кулыншагым


автор:

Каракат


рейтинг: ★★★★★ / 4.6 / 594 просмотра
Ерте, ерте, ертегім
 Ертеден сыр шертемін
 Еркелейсің тентегім,
 Балапаным-ай!
Ертегідей өлкенің, 
Келешегі, көркі едің 
Өсе берсін өркенің,
 Балапаным-ай!

 Қайырмасы: 
Құлыншағым-ай, ұрыншағым-ай
 Желкілдейді желменен тұлымшағың-ай Құлыншағым-ай, құлыншағым-ай! 
Тәй-тәй бастың, талпындың,
 Жанарыңда жарқын күн 
Былдырлайсың бал тілдім 
Балапаным-ай 
Сынығындай алтынның
 Үлгісі боп мәрт ұлдың 
Батасын ал халқыңның 
Балапаным-ай 

Қайырмасы: 
Ботақаным-ай қошақаным-ай
 Ата берсін арайлап таң шапағың-ай Ботақаным-ай, ботақаным-ай!
 Ерте, ерте, ертегім
 Еркелеген көркемім 
Жығылмасын желкенің 
Балапным-ай!
 Тілекшіңмін мен сенің 
Артам саған зор сенім. 
Кіп-кішкентай бөлшегім 
Балапаным-ай!

 Қайырмасы: 
Бұзық еркем-ай, қызық еркем-ай 
Жарық болсын жан көкем, жүзің ертең-ай Бұзық еркем-ай, қызық еркем-ай
 Ұрыншағым-ай, 
Құлыншағым-ай!

Послушать/Cкачать эту песню
Mp3 320kbps на стороннем сайте
А как ты думаешь, о чем песня "Кулыншагым" ?
2010-2020 © WebKind.Ru Тексты песен