ГлавнаяИсполнителиТамара Асар х ХанзадаХанзада мен ханшайым ❤
название:

Ханзада мен ханшайым ❤


автор:

Тамара Асар х Ханзада


рейтинг: ★★★★★ / 4.7 / 722 просмотра
- Толған айдың ақ нұрынан ,
Жаздың жылы жаңбырынан 
Көрем бе деп сені іздедім.
- Күліп сүйген күн шуағын 
Мен екен деп білші , жаным
Қасыңдамын, үміт үзбегін.

Ертегіде ғұмыр кешкен
Төгілші әнмен бір үндескен 
Қиялым боп менің күздегі.

Қ-сы: 
- Ханзада
- Ханшайым
- Дидарыңнан нұр көремін, жарығым!
- Ханшайым
- Ханзада 
- Үлбіреген ақша бұлттай нәзігім!

2. 
- Тағдырымыз тоғысатын 
Күтіп күндер әлі сәтін 
Тілек өрдім ерте таңдарда.
- Жүрегіңнің үні маған 
Ғарыштардан сыбырлаған
Сендіреді жетер арманға.

Тамылжытқан самалыңмен
Әлдилеген таң әнімен 
Баурап алшы мені барғанда

Қ-сы: 1
Қ-сы:
- Ханзада 
- Ханшайым
Уәде берген жолығуға жаңа күн.
- Ханшайым
- Ханзада
Әуелеген әннен іздеп табамын!

Послушать/Cкачать эту песню
Mp3 320kbps на стороннем сайте
А как ты думаешь, о чем песня "Ханзада мен ханшайым ❤" ?
2010-2020 © WebKind.Ru Тексты песен