ГлавнаяИсполнителиКудайберген КайратСөз айтпай-ақ кетейін
название:

Сөз айтпай-ақ кетейін


автор:

Кудайберген Кайрат


рейтинг: ★★★★★ / 4.7 / 746 просмотров
Сөз айтпай саған кетейін
Сыртыңнан сүйіп өтейін
Өзің айтшы жарығым
Ұнатпасаң нетейін

Бітейін десе бітпейді
Есімнен енді кетпейді
Жылайды жүрек жылайды
Сабырын мүлде етпейді

Күтпейді бақыт ендігі
Сыйдырмай жердің кеңдігі
Кезінде талай сендірген
Сезімнің кайда теңдігі

Теңімен тапса бақытын
Теңіңді тап алтыным
Лайыкты саған болмасам
Жазылған солай тағдырым

Не пайда сықтап жылаудан
Ұялам сөзіңді сұраудан
Бостандығынан айырылған
Жүректі құтқар қамаудан

Алдында Алла дәрежем
Болсада бірдей өзіңмен
Ал қазір олай емесін
Неге екенінде түсінем

Айтпаяқ сөз сондықтан
Өткінші жаңбыр секілді
Өтейін де кетейін
Өмірге тастап өкпемді
Кудайберген Кайрат

Послушать/Cкачать эту песню
Mp3 320kbps на стороннем сайте
А как ты думаешь, о чем песня "Сөз айтпай-ақ кетейін" ?
2010-2020 © WebKind.Ru Тексты песен