ГлавнаяИсполнителиГүлмира СаринаШығысым - шырайлы елім
название:

Шығысым - шырайлы елім


автор:

Гүлмира Сарина


рейтинг: ★★★★★ / 4.7 / 678 просмотров
Әнін жазған Гүлмира Сарина
Сөзін жазған Қалқаман Сарин
Өр Алтай, Ертіс, Семей – дүр намысым,
Қызғалдақ ғұмырымның құндағысың.
Мен сенің бағыңдағы бұлбұлың ем,
Жаралған жамалыңды жырлау үшін.

Қайырмасы:
Кермиық, кербез далам, тербетілген,
Айналайын келбетіңнен.
Қыран тау, құмай белді,
Шығыстай шырайлы елді,
Табам ба шыр айналсам жер бетін мен?!

Қоғалы, қоңыраулы Зайсан көлі,
Марқакөл мөлдіреген ай сәулелі.
Шыңғыстау-Тарбағатай – қос биігім,
Жасай бер, туған жер, жайсаң белім.

Қайырмасы:
Кермиық, кербез далам, тербетілген,
Айналайын келбетіңнен.
Қыран тау, құмай белді,
Шығыстай шырайлы елді,
Табам ба шыр айналсам жер бетін мен?!

Послушать/Cкачать эту песню
Mp3 320kbps на стороннем сайте
А как ты думаешь, о чем песня "Шығысым - шырайлы елім" ?
2010-2020 © WebKind.Ru Тексты песен