ГлавнаяИсполнителиҒабиден Ахметов Аружан АлжановаЖүзіңе айдай, үніңе балдай, жаным, ғашықпын,
название:

Жүзіңе айдай, үніңе балдай, жаным, ғашықпын,


автор:

Ғабиден Ахметов Аружан Алжанова


рейтинг: ★★★★★ / 5 / 1028 просмотров
Жүзіңе айдай, үніңе балдай, жаным, ғашықпын,

Арай таңдарда, жалғыз қалғанда саған асықтым.

Мінезі көркем, жүректі өртер сұлу елігім,

Сынақ-өмір де, сезім, көңіл де сенсің – серігім.

 

Қайырмасы:

Сен менсіз, мен сенсіз, қалай жүргенбіз?

Махаббат барына біздер сенгенбіз.

Тәңірім, біздерді арай күйге енгіз,

Мәңгі біргеміз, жаным!

Мөлдір тілектен, ыстық жүректен сезім сезілді,

Бұрын байқамай жүрдім мен қалай, бағым, өзіңді.

Бөлендік күйге, қосылып бірге әнге салғанда,

«Жарық күнім» деп, жүрем күлімдеп, мәңгі сен барда.

Қайырмасы:

Сен менсіз, мен сенсіз, қалай жүргенбіз?

Махаббат барына біздер сенгенбіз.

Тәңірім, біздерді арай күйге енгіз,

Мәңгі біргеміз, жаным!

Послушать/Cкачать эту песню
Mp3 320kbps на стороннем сайте
А как ты думаешь, о чем песня "Жүзіңе айдай, үніңе балдай, жаным, ғашықпын," ?
2010-2020 © WebKind.Ru Тексты песен