ГлавнаяИсполнителиАйбол КасымМама сіздің келініңіз
название:

Мама сіздің келініңіз


автор:

Айбол Касым


рейтинг: ★★★★★ / 5.3 / 1294 просмотра
Ал анашым, қуаныңыз, күліңіз
Бір сырым бар, іште жатқан, біліңіз
Әппақ жүзді айдай әсем бір қызға
Ғашық болып қалды, сірә, ұлыңыз ... !

Сол арумен жарасады шат көңіл 
Бізді, сірә, күтіп тұр-ау тәтті өмір !
Қабақ шытып ренжуді білмейтін
Мама, сіздің келініңіз ақкөңіл ...

Он саусағы өнер тамған сиқырлы
Сол ару ғой ұрлап жүрген ұйқымды
Дидарына тамсанып-ақ қарайтын
Мама, сіздің келініңіз сүйкімді ...

Мендік жүрек мұз еді ғой жаураған
Сол ару кеп жүрегімді жаулаған
Сенесіз бе сөздеріме, анашым
Келініңіз өзіңізден аумаған ...

Жүрегі адал, мөлдір таза сезімі
Тек бір – "Алла", иманы мен сенімі
Таң атпастан ақ самаурын қайнатар
Мама, сол қыз біздің үйдің " КЕЛІНІ " ... !.

Послушать/Cкачать эту песню
Mp3 320kbps на стороннем сайте
А как ты думаешь, о чем песня "Мама сіздің келініңіз" ?
2010-2020 © WebKind.Ru Тексты песен