ГлавнаяИсполнителиАғыбаев ҚуандықАқ тілек (терме)
название:

Ақ тілек (терме)


автор:

Ағыбаев Қуандық


рейтинг: ★★★★★ / 4.7 / 692 просмотра
Ағыбаев Қуандық - Ақ тілек (терме)
1. Тойға келген ағайын,
Домбырамды алайын.
Ата дәстүр салтымен,
Термелеп әнге салайын.
Қуанышыңа ортақ болып,
Қызығыңа қанайын.
Қызмет етіп талмайын,
Той қызығын шалқытып.
Таңды таңға жалғайын,
Екі де жақсы үй болған.
Жастардың ақ тілек тойына
Ақ тілекті ғой арнайын

2. Қораң толған мал болсын
10 15 тен жан болсын
Күнде қызық той думан
Үйлеріңде ән болсын
Дос туысың көп болсын
Дұшпандары жоқ болсын
Замандары шат болсын
Дастарханы тоқ болсын
Ұлың өсіп бай болсын
Құлының өсіп тай болсын
Қыздарыңыз қылықты 
жұлдыз болсын ай болсын
Тоқ етерлігін айтқанда
Дәулет пен сәулет сай болсын

3. Жырдан маржан құрайын
шалқып тасып тұрайын
Сөз кезегін келесі 
Құдаларға бұрайын
Қыз өсіріп қыз берген
Айналайын сіздерден
Сондықтан да мың салем 
Той жасаған біздерден
Бүтін болып жатырмыз
Қуанды жас пен қартымыз
Құда болдық мың жылдық 
Деген екен ғой халқымыз
Баянды болсын құдалар
Сол бір ата салтымыз
АТа да сөзге сыйласып 
Жамандыққа қимасып
Өткен жақсы өмірден
Сіз біз десіп

Послушать/Cкачать эту песню
Mp3 320kbps на стороннем сайте
А как ты думаешь, о чем песня "Ақ тілек (терме)" ?
2010-2020 © WebKind.Ru Тексты песен