ГлавнаяИсполнителиМейрамбек Беспаев & СандуғашОтсутствует
название:

Отсутствует


автор:

Мейрамбек Беспаев & Сандуғаш


рейтинг: ★★★★★ / 5.5 / 1496 просмотров
Мейрамбек Бесбаев & Сандуғаш Стамғазиева-Сен болмасан

Сөзі:И.Сапарбай
Әні:Алтынбек Қоразбаев

Сен болмасаң бұл жалған
Күнде уайым, күнде арман
Айналайын, гүлім бол
Жүрегімді бір жарған

Сен болмасаң серігім
Аялайды мені кім
Ертелі кеш сен жаққа
Елеңдейді көңілім

Сен болмасаң тірегім
Кімге жылап күлемін
Жүрегімде тілегім
Алақанда жүрегім

Сенсіз мынау жалғанда
Өтер ме едім арманда
Елжірейсің, балқисың
Мен әніме салғанда

Сен арқылы жарығым
Бақытымды таныдым
Екеумізге бір ғұмыр
Бере көрші Таңірім

Сен болмасаң тірегім
Кімге жылап күлемін
Жүрегімде тілегім
Алақанда жүрегім

Сен болмасаң аяулым
Кімге құшақ жаярмын
Сағынышты сазыңмен
Жүрегімнен жай алдың

Сен болмасаң жанымда
Жайқалмайды бағым да 
Менің ғазиз тағдырым
Сенің ғана қолыңда
#МейрамбекБесбаев#МузАрт

Послушать/Cкачать эту песню
Mp3 320kbps на стороннем сайте
А как ты думаешь, о чем песня "Отсутствует" ?
2010-2020 © WebKind.Ru Тексты песен