ГлавнаяИсполнителиОлжас Абай (Ochooou)Ашуланбашы
название:

Ашуланбашы


автор:

Олжас Абай (Ochooou)


рейтинг: ★★★★★ / 5.4 / 1378 просмотров
Қаламасаң өзің біл қарамасаң, 
Пайдасы не, жанымды жараласаң?! 
Ғашық болып жатқаның шамалы еді, 
Қоя салшы сүюге жарамасаң, 

Жалынғаннан бəрібір не шығады?, 
Сенсіздағы жалғасар кешім əрі. 
Маған десең жүрекке жебе қада, 
Бар болса егер тағы да өшің əлі. 

Ібіліспен ісіңді ойластыра, 
Жасап жүрген тірлігің ойнас-күнə. 
Көзді байлап арбаған бұл қылығың, 
Мені көкке көтеріп қоймас сірә. 

Тіпті көңіл бөлмейсің өлеңіме, 
Өзіңше бір көнбейсің дегеніме. 
Осы саған таң қалам кеуде керіп, 
Құр шалқая бергеннің керегі не? 

Жүрегіңе нұр емес кек енеді, 
Сосын қалай көсегең көгереді?! 
Жазығым жоқ болса да айыптай бер, 
Одан басқа қолыңнан не келеді?

Послушать/Cкачать эту песню
Mp3 320kbps на стороннем сайте
А как ты думаешь, о чем песня "Ашуланбашы" ?
2010-2020 © WebKind.Ru Тексты песен