ГлавнаяИсполнителиБекжан ТурысАмалым канша
название:

Амалым канша


автор:

Бекжан Турыс


рейтинг: ★★★★★ / 4.7 / 670 просмотров
Шөлiмдi басар сен бе едiң кәусар бұлағым?
Үкiлi-ай қалқам, үзiле жаздап ұнадың. 
Ойда жоқ сәтте оянған албырт сезiмдi, 
Амалым қанша, айта алмай iштен тынамын,
айта алмай iштен тынамын.

Оңаша қалып опасыз жалған бес күннен, 
Еншiмдi жаным, даулаған емен ешкiмнен.
Айтатын сөзiм тұрса да тiлдiң ұшында, 
Амалым қанша, мылқаудың күнiн кештiм мен,
мылқаудың күнiн кештiм мен.

Боларсың сәулем әнiмдi менiң естiген,
Алдыңда сенiң мың лаулап тұрып өштiм мен.
Күлiмдеп қарғам шықсаң да менiң алдымнан,
Амалым қанша зағиптың күнiн кештiм мен,
зағиптың күнiн кештi мен.

Таң болып атып, күн болып менде шығар ем,
Қыз: Әтең-ай, әттең дүние-ай неткен шұбар ең.
Екеуi қосылып: Бермейдi маза, тербейдi менi бесiкте,
Махаббат деген, махаббат деген бiр әлем.
Амалым қанша, махаббат деген бiр әлем.
Амалым қанша-ай, Махаббат деген бiр әлем.

Послушать/Cкачать эту песню
Mp3 320kbps на стороннем сайте
А как ты думаешь, о чем песня "Амалым канша" ?
2010-2020 © WebKind.Ru Тексты песен