название:
автор:
Устазым менин устазым
автор:
Арман Карынсау
рейтинг: ★★★★★ / 4.7 / 659 просмотров
- Текст
- Открытка с текстом
Тұлғаңды арманыма ұқсатқанмын, Үлгіңді көңіліме қыстатқанмын. Есімде әліппені жаттатқызып, Ең алғаш қолға қалам ұстатқаның. Қайырмасы: Ұстазым, менің ұстазым, Өзіңмен өткен қыс-жазым. Қалдырған ізің мәңгілік, Жадымда тұрар жаңғырып, Ұстазым, менің ұстазым! Зердемді сен ашпасаң не етер едім? Өмірден сыбағасыз өтер едім. Ғажайып дүниенің сырын жайып, Қияға қызықтырып жетеледің. Қайырмасы: Ұстазым, менің ұстазым, Өзіңмен өткен қыс-жазым. Қалдырған ізің мәңгілік, Жадымда тұрар жаңғырып, Ұстазым, менің ұстазым! Өзіңнен өмірге азық ала бердім, Ұшырып мені алысқа қала бердің. Бойымда отың кетті ұшқын атқан, Келеді жана бергім, жана бергім! Қайырмасы: Ұстазым, менің ұстазым, Өзіңмен өткен қыс-жазым. Қалдырған ізің мәңгілік, Жадымда тұрар жаңғырып, Ұстазым, менің ұстазым!
А как ты думаешь, о чем песня "Устазым менин устазым" ?